Сәрсенбі, 01 мамыр, 01:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

11 жасар қыз көпқабатты үйден құлап кеткен

17.04.2024

310 0

Сурет:el.kz

11 жасар қыз көпқабатты тұрғын үйден құлап кетті. Оқиға Шымкентте орын алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға әл-Фараби ауданындағы Әлімқұлов көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. 

Ойнап жүрген жеткіншек 5 қабатты ғимараттың 3-ші қабатынан құлап кеткен.  Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері алғашқы медициналық қызмет көрсетті. Оқыс оқиғадан қыздың аяғы сынып кетті.

«Балалар ауруханасында алғашқы ем көрсетілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді. Жағдайы орташа. Оқиғаның мән-жайын полиция департаменті анықтайды»,  – делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: