Дүйсенбі, 17 маусым, 03:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

Әкесін өлтірген қыз 1 жылға сотталды

24.05.2024

246 0

Сурет:depositphotos.com

Ақмола облысындағы колонияда әкесін өлтірді деп сотталған қыз жазасын өтеп жатыр. Ақмола облысы бойынша түзеу инспекциясы департаментінің мәліметінше, қыз дәстүрлі емес діни ағымның жақтаушысы болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Психологтардың айтуынша, сотталушы ауыр психоэмоциялық күйде, артында үш баласы қалды.

«Әкеммен бала кезімнен қарым-қатынасымыз жақсы болмады. Мен оны анамды келеке етіп, ұрғаны үшін кешіре алмадым. Сондықтан болар, қыз бала табиғатына жат болса да, каратэмен айналыстым. Анамды да, бауырымды да қорғайтын ешкім болмады. Ешқайда оқуға да барған жоқпын, жергілікті сурет өнері бөлімін бітірдім. Шетелге оқуға шақырту алсам да, бара алмадым. Анам мен бауырымды тастап кете алмадым», – дейді сотталушы Карина. 

Кісі өлімі жаңа жыл түні болған. Карина ата-анасы арасындағы жанжалдың куәсі болыпты. Оның айтуынша, әкесі анасына айқайлап, балағаттай бастаған. 

«Жалпы жанжал туып, әкесі әйелін ұрып, қызының шашынан ұстап, ұрып-соға бастаған. Бойжеткен асүй үстелінің үстіне құлап, қолына ілінген пышақпен әкесінің кеуде тұсынан ұрған. Ол құлап, сол жерде көз жұмды», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сот ақмолалық әйелге 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қоныс колониясында өтейді, өйткені жасалған қылмыс «қажет қорғаныс шегінен асып кеткен кезде жасалған кісі өлтіру» бабы бойынша қайта сараланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: