Сәрсенбі, 08 мамыр, 04:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Белгісіз жыртқыш аң 15 қойды жарып кеткен

21.01.2024

258 0

Сурет: Altaynews.kz

Белгісіз жыртқыш тұрғындардың бірінің сарайына кіріп кеткен. Салдарынан 15 қойдың өлексесі табылған. Оқиға Шығыс Қазақстан облысындағы Бастаушы ауылдық округінің Көкжота ауылында (Самар ауданы) болған деп хабарлайды Altaynews.kz

Бірнеше күн бұрын белгісіз жыртқыш Еділхан Сарбасовтың сарайына кіріп, нәтижесінде 15 бас қой өлі табылған, 10-ы жараланған.

Оқиға орнына аудан әкімі Нұрлан Мұхамбетов, ауылдық округ әкімі Арман Кеңесбеков, сондай-ақ жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері шұғыл жеткен.

«Белгісіз жыртқыш есік астынан қазып өтіп, қораға кіріп кеткен. Бұл сілеусін болуы мүмкін. Егер қасқыр болса, онда ол қойларды қарнын жарып тастаған болар еді, ал бұл жыртқыш өліктерді жарақатсыз қалдырған. Өлген қойлардың өлексесі арнайы орынға көмілген. Себебі жыртқыштың сілекейінде әртүрлі қауіпті аурулар болуы мүмкін. Қазіргі уақытта ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері залалды есептеп жатыр», – деді аудан әкімінің орынбасары Қайдар Сурашев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: