Сейсенбі, 30 сәуiр, 21:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

ІІМ Бишімбаевтың жазаланбайтынын айтты

17.04.2024

456 0

Сурет: kaz.tengrinews.kz

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жүргізуші куәлігінен айырылмайды. Ол бұған дейін сотта мас күйде көлік тізгініне отырғанын мойындаған еді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Tengrinews.kz-ке ресми жауапта Бишімбаев алкогольге, есірткіге мас екенін дәлелдейтін куәландырудан өтпегені айтылған. Сондай-ақ, ІІМ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 608-бабы бойынша құқықбұзушылықтың құрамдас бөлігі мас күйде көлік тізгіндеу екенін еске салды.

«Медициналық куәландырудың ресми қорытындысы және ӘҚБтК-нің 608-бабында көзделген құқықбұзушылық құрамы болмаған, сондай-ақ, жауапқа тартудың мерзімі өткен кезде (ӘҚБтК-нің 62-бабы) адам осы бап бойынша әкімшілік жауапқа тартылмайды», – деді ІІМ өкілдері.

4 сәуірде сотта жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахованың сұрақтарына жауап берген Бишімбаев 9 қарашаға қараған түні «орташадан сәл жоғары» мас болғанын, бұл оның тізгінге отыруына кедергі болмағанын айтты.

«Яғни, сіз мас күйде көлік жүргіздіңіз, мен сізді дұрыс түсіндім бе?» – деп сұрады Оразбахова.

«Анық қой, иә», – деп жауап берді Бишімбаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: