Сенбі, 27 шiлде, 11:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59-2069
27.07.2024
PDF мұрағаты

Мәсімовтің қалай ұсталғаны белгілі болды

14.07.2022

441 0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовтің қалай ұсталғанын айтты.

Хабарланғандай, Ресей Федерациясы арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс бөлігінде бақылау-өткізу бекеттерінен тыс жерде оны заңсыз кесіп өтпек болған Қазақстан мен Ресей азаматтарының бір тобы ұсталды.

«Олардың ішінде іздеуде жүрген Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовтің аты-жөні анықталды, ол әуелі өзін жалған атпен таныстырды. Қолданыстағы келісімдер аясында 13 шілдеде Мәсімов ресейлік тараппен ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлеріне тапсырылды, содан кейін қажетті сүзгілеу және жауап алу шаралары жүргізілгеннен кейін құзыретіне сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құзырына ауыстырылды», – деді ҰҚК.

Еске салсақ, осыған дейін Нұрлан Мәсімовтың Ресей шекарасында ұсталғаны туралы мәлімдеген едік.

СН.КЗ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: