Сәрсенбі, 01 мамыр, 02:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Майқайыңдағы шұңқырға екінші экскаватор түсірілді

21.01.2024

363 0

Сурет: stan.kz

Майқайыңдағы жерге құлаған автобусты іздеу жұмыстары жалғасуда. 17-күннен бері іздеу жүргізілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Майқайың алтын» АҚ аумағында мамандар өмірге қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатыр. 19 қаңтарда іздестіру жұмыстары дұрыс бағытта жүргізіліп жатқанына тағы бір рет көз жеткізу үшін опырылған жердің түбінде қайта геосканерлеу жүргізілді.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, шағын габаритті экскаватор 850 текше метрге жуық топырақты қайта қазып, екінші экскаватор орынды кеңейтті.

«20 қаңтарда барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, екі экскаватордың көмегімен тік және көлденең сақтандыру, жүргізушісі бар екінші шағын габаритті экскаватор түсірілді. Ол автобус жүретін жерден ірі габаритті тастарды алып жатыр», – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстарына 147 адам, 45 техника, үш кинолог және екі ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: