Сенбі, 27 сәуiр, 05:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан үш демалыс орны анықталды

25.11.2021

2083 0

Полиция қызметкерлері 3 демалыс орнын тексеріп, жеңгетайлықпен айналысқандарды қамауға алды

Қызылордада жезөкшелік қызмет ұсынған «жеңгетайлар» ұсталды деп хабарлайды «aqmeshit-aptalygy.kz» «sputnik.kz»-ке сілтеме жасап.

Полицияға демалыс орындарының клиенттеріне жезөкшелік қызмет ұсынылатыны туралы хабар түскен. Осыған орай Қызылорда полиция басқармасының жедел уәкілдері қала орталығындағы 3​ демалыс орнын тексеріп, жезөкшелікпен айналысқандарды ұстады.  

«Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталады. Ал жезөкшелікпен айналысқан қыздар тіркеуге алынды», – деп хабарлады қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетері, өңірде осы жылдың 22 қарашасынан 1 желтоқсанға дейінгі аралықта «Стоп трафик» жедел алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр. Операцияның басты мақсаты – адам саудасына байланысты қылмыстарды ашуға және ескертуге бағытталған.

sputnik.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: