Жексенбі, 19 мамыр, 09:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

ШҚО-да 2 жасар бала суға батып кеткен

06.05.2024

248 0

Сурет: stan.kz

5 мамырда Шығыс Қазақстан облысында 2 жасар бала суға батып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Садыр көлінде саяжай үйінің ауласында бүлдіршін ата-анасының қарауынсыз қалып, суға құлап батып кетіпті.

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды.

Су айдындарында балаларды ойнауға жібермеу қажет. Төтенше жағдай болғанда 112 нөмеріне хабарласу керек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: