Жұма, 29 наурыз, 09:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

«Зымыран-2021» оқу-жаттығу жиыны өтті

31.10.2021

1053 0

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран-тасығыштардың аварияларына байланысты төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының дайындығы» тақырыбында «Зымыран-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында басқару органдарының, Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерінің күштері мен құралдарының зымыран-тасығыштардың аварияларына байланысты төтенше жағдайлар жою жөніндегі міндеттерді орындауға дайындық және өзара іс-қимыл деңгейі анықталды. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран тасығыштардың аварияларына байланысты төтенше жағдайлар туындаған кезде Орталық және жергілікті атқарушы органдардың бағынысты Азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқару бойынша өзара іс-қимылы жолға қойылды.

Оқу-жаттығу теориялық, практикалық мәселелерді пысықтау және оқу орындарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру арқылы екі кезеңде өткізілді.

Бірінші кезеңде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде Қызылорда облысы үшін негізгі кіріспе болып гептил отыны бар зымыранының Қармақшы ауданы Кемесалған елді мекені аумағына құлауы бойынша теориялық оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

Екінші кезең шеңберінде зымырандардың апаттарына әрекет ету кезінде практикалық іс-әрекеттерді пысықтау бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізілді. Практикалық іс-әрекеттер Қызылорда облысы Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылында Қызылорда облысы бойынша экология департаменті және мүдделі мемлекеттік органдармен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен ұйымдастырылды.

Атап айтқанда Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің жылжымалы экологиялық лабораториясының көмегімен Департамент мамандары оқу-жаттығу барысында апат орын алған жерге зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстары барысында орын алған апаттың қоршаған ортаға келтірген әсерін анықтау мақсатында топырақтан және атмосферадан сынамалар алуды жүзеге асырып, зымырандардың апаттарына әрекет ету кезіндегі практикалық іс-әрекеттер пысықталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: