Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 09:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы құрылыс нысандарымен танысты

18.02.2023

577 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласында салынып жатқан нысандарды аралап, құрылыс жұмысымен танысты.

Алдымен аймақ басшысы Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі жанындағы қосымша ғимарат құрылысын аралап көрді. Мұнда қазіргі таңда 2275 оқушы білім алуда. Білім ордасының аумағын кеңейту мәселесі күн тәртібіне енгізіліп, қараша айында қосымша 375 орындық ғимараттың құрылысы басталған еді. Келесі оқу жылында мектептің жаңа корпусы оқушыларды қабылдауға дайын болуы тиіс.

Аймақ басшысы мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуын  қадағалауды тапсырды. Айта кетейік, биыл мемлекеттік мектептердің 1-4 сынып оқушылары 100% тегін ыстық тамақпен қамтылған болатын. Бұл мүмкіндікті облыстағы мемлекеттік білім беру ордаларындағы 70 863 бастауыш сынып оқушысы пайдаланып отыр. Сондай-ақ әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасында тәрбиеленетін 5-11 сыныптағы 17 382 оқушы да тегін тамақтанады.

Сонымен қатар қыркүйек айында 1000 орындық Өнер орталы­ғының іргетасы қаланған еді. Көпфункционалды кешеннің жалпы құны – 3,7 млрд теңге. Облыс орталығында өнерсүйер қауымның рухани кештерде бас қосуына, түрлі мәдени-көпшілік шараларды өткізуге арналған нысан жыл аяғына дейін пайдалануға берілмек.

Мұнан әрі аймақ басшысы Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі жалпы құны 1,6 млрд теңгені құрайтын Неке сарайының құрылысымен танысты. Жалпы аумағы 2 мыңнан астам шаршы метрді құрайтын зәулім ғимараттың құрылысы 2022 жылы қыркүйек айында басталды және биыл тамыз айында аяқталмақ.

Ал Сырдарияның сол жағалауындағы Қан орталығының құны 2,7 млрд теңгені құрайды. Орталықта қан мен оның ком­поненттерін донациялау көрсеткіші жылына 500-ден 10 мыңға дейін жеткізіледі деп жоспарлануда. Орталық 2024 жылы ақпан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Сондай-ақ өңір басшысы сол жағалауда салынып жатқан 470 пәтерлі 10 көпқабатты тұрғын үйге барды. Өткен жылдың аяғында құрылысы басталған бұл үйлер биыл қыркүйек айында ел игілігіне табысталады деп күтілуде.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыс орталығында көптеген жаңа нысан салынуда. Аталған нысандар халық игілігі үшін қызмет ететіні сөзсіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: