2026 жылдың 19 мамыр күні Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде мүгедектігі бар адамдарды «Жаңарған Түркістанға саяхат» жасалынды.
Саяхатқа 35 мүгедектігі бар жандар қатысты.
Саяхатқа барған жандар Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып зиярат етіп, түрленіп, түлеген Түркістан қаласының бүгінгі келбетін тамашалап, саяхаттан рухани серпіліс алды және саяхат оларға үлкен күш-қуат, рухани тазаруға, ішкі қорқыныштар мен кедергілерді жеңуге және өмірлік құндылықтарды қайта қарауға мүмкіндік берді.
Саяхатқа барғандар үшін автокөлік жалға алынып, түскі ас берілді. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға естелік суреттер салынған фотоальбом берілді.





Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!