Сейсенбі, 19 наурыз, 07:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22(2032)
16.03.2024
PDF мұрағаты

Арулар құрмет төрінде

05.03.2021

6253 0

Бүгін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары                    Асқарбек Есжанов 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне орай әр салада еселі еңбегімен ерекшеленген бірқатар нәзік жандарды қабылдап, шаһар басшысының мерекелік құттықтауын жеткізді.

Шарада Қазақстан қоғамында әйелдер, ең алдымен, аяулы ана, сүйікті жар одан кейін кәсіби маман және жауапты лауазым иесі. Сондықтан да айтулы мереке қарсаңында абзал аналар мен аяулы аруларға лайықты сый-құрмет көрсетілуі – елдігіміздің белгісі деген Асқарбек Темірбекұлы «Аруларға құрмет көрсету бүгінмен шектелмейді» – деп, атап өтіп, әйелдер қауымына мерекелік лебізін білдірді. Сонымен қатар әр салада табысты еңбек еткен ардагер аналар мен бүгінгі қоғамда ерлермен иық тіресе қызмет етіп жүрген белсенді аруларды қала әкімінің алғыс хатымен марататады.

Өз кезегінде марапатталған нәзік жандар атынан «Қызылорда тазалығы» ЖШС жұмысшысы Бейбіткүл Көпжанова мерекеде аналардың мерейін асырған қала әкіміне алғысын білдіріп, алдағы бастамаларына табыс тіледі.

Айта кетейік, мерейлі мерекеге орай марапатталған арулар қатарында білім және әлеуметтік сала мамандары, қалалық су, жылу, жүйелері мен автобуспаркінің жұмысшылары, мемлекеттік қызметкерлер де бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: