Жұма, 29 наурыз, 19:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Балдәурен шақ – бал ғұмыр

07.03.2022

903 0

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні қарсаңында 2022 – Балалар жылының салтанатты ашылуына арналған «Балдәурен шақ – бал ғұмыр» атты мерекелік концерт өтті.

«Балаларын бағым деген – Сыр ана» атты театрландырылған қойылыммен басталған мерекелік шараны қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов ашып беріп, барша аналарды алда келе жатқан мерейлі мерекемен құттықтап, Балалар жылының табысты, жемісті де жеңісті болуына тілекші екенін жеткізді.

Мерекелік концертте Оқушылар сарайы, М.Қалауов атындағы өнер мектебінің, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған үйірмелердің сондай-ақ, «Самұрық-Kids», «Бегім-ай» өнер орталықтарының талантты балалары өнер көрсетіп, халық ықыласына бөленді.

Балалар жылының ашылуына арналған мерекелік шара соңы мәдениет үйінің фойесінде балалар үшін арнайы дайындалған ойын-сауық бағдарламасына ұласты.

Мүмкіндігі шектеулі балалар, шет аймақтарда орналасқан мектептердің үздік оқушылары, сонымен қатар түрлі облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген үйірме өнерпаздары Ж.Қожаберген мен К.Жанмұратованың «Ит пен мысық, тышқан дос» атты балаларға арналған қойылымын тамашалады. Сондай-ақ, қойылымды қызықтаған балаларға базарлық таратылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: