Бейсенбі, 10 қазан, 02:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Депутаттар қоғамдық көлік жайын талқылады

30.03.2021

3269 0

Жұмада VІІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті 4 сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібіне ұсынылған 8 мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын-ала талқыланған.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – қаладағы жолаушылар тасымалы. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Е.Рахматуллаев «Қызылорда қаласы бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру шеңберінде халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту» туралы баяндама жасады. Баяндама барысында әкім орынбасары қалада жолаушыларды тасымалдау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар мен қордаланған мәселелерге кеңінен тоқталды. Өз кезегінде депутаттар 2007 жылдан бері қолданыста жүрген қоғамдық көліктердің жол сызбасы ескіргенін айтып, қала аумағын кеңейткен жаңа мөлтек аудандар мен шет аймақтардағы қоғамдық көлік тапшылығын жою мәселесін ортаға салды. Сонымен қатар баяндама аясында кәсіпкерлердің жолаушылар тасымалына қызығушылығын арттырып, «Автобус паркі» ЖШС мекемесінің несие қаржысын жабу мүмкіндіктері турасында ұсыныстар айтылды.

Одан бөлек жиын барысында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Қызылорда қаласының әкімдігі жанындағы комиссияның құрамы және қаланың әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару сызбасы бекітілді.

Сонымен қатар «Қызылорда қаласындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын сайлау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы №210-35/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша 30 сайлау учаскесіндегі комиссияның құрамынан шығарылған 43 мүшенің орнына жаңа комиссия мамандары тағайындалды.

Қалалық мәслихат 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын да бекітіп, кезекті сессияның төрағасы болып депутат Ж.Нұрымбетов сайланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: