Жұма, 11 қазан, 19:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Екі жақты меморандумға қол қойылды

19.03.2021

4408 0

Бүгін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов қаладағы бірқатар ірі сауда үйлері, сауда желілері, азық-түлік базарларының басшылары және бөлшек саудамен айныласатын кәсіпкерлермен тауар жеткізуші кәсіпорындармен ортақ меморандумға қол қойды.

Тараптар Қызылорда қаласының ішкі нарығында әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз қымбаттатпау және бағаны тұрақтандыру бойынша өзара әріптестікті меморандумға отырды.

Ұн, қант, сүт, ет, жуа, картоп секілді өнімдер халықтың күнбе-күн тұтынып отырған тағамдары. Сондықтан қала әкімдігі тарапынан аталған азық-түлік тауарларына әлеуметтік маңыз беріліп, жергілікті билік бағасын бақылаулды меморандум арқылы жүзеге асырмақ.

Бұдан бөлек қаладағы азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бағытында күнделікті тиісті шаралар қабылданып, баға бойынша мониторинг үздіксіз жүргізіп келеді. Бүгінде қала аумағында халыққа арзандатылған бағада азық-түлік  өнімдерін ұсынатын 30 әлеуметтік дүкендер мен 300-ден аса тауар түрінің бағасын көпке қолжетімді ететін «Әлеуметтік маркет» жұмыс істеуде. Сонымен бірге тұрғындарды нарық бағасынан 10-15 пайызға төмендетілген өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында  ірі сауда орындарында әлеуметтік сөрелер орналастырылған. Әлеуметтік бұрыштар «Қызылорда», «Ажар Сити», «Мирас», «Анвар», «Аль-Асад» сауда үйлерінде халыққа қызмет көрсетіп келеді. Алдағы уақытта басқа да сауда үйлерінде әлеуметтік бұрыштар ашу жаңа меморандум арқылы мүмкін болмақ.

Сонымен қатар бағаны тұрақтандыру мақсатында 20-наурыз күні қала орталығында өңіріміздегі барлық аудан және қалаға қарасты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: