Сенбі, 23 қараша, 05:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі бірқатар нысанды аралады

03.08.2024

532 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы бірқатар нысанды аралап, абаттандыру жұмыстарының барысын көрді.
Алдымен жаңа ЖЭО-ның құрылыс алаңына барды. Мұнда қазіргі уақытта жер қазу жұмыстары аяқталған, жабдықты орнатуға негіз қалануда. Алаңға 600-ге жуық адам және 60 техника жұмылдырылған. Жұмыс жоспарға сәйкес жүруде. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі. «AKSA Energy» түрік компаниясының инвестициясына салынатын жаңа ЖЭО 240МВт электр қуатын өндіре алады. Нысан қазіргі «Қызылорда жылу-электр орталығы» аумағындағы 24,5 гектар жер учаскесінде салынуда.

Әрі қарай облыс әкімі сол жағалаудағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен бой көтерген мектептің, жеті қабатты тұрғын үйлердің және Оқушылар үйінің құрылысымен танысты. Ұлттық жоба бойынша облыста салынатын 12 300 орынға арналған 21 мектептің биыл 10-ы, алдағы жылы 11-і пайдалануға беріледі. Құрылысы басталатын 11 мектептің жер телімдері белгіленіп, «Самұрық – Қазына Констракшн» акционерлік қоғамына наурыз айында табысталды.

Өңірде соңғы 2 жылда 4 мыңға жуық пәтер беріліп, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді. Осы жылы бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 34 млрд. 100 млн. теңге қаралды. Жыл қорытындысымен 2,5 мыңнан астам пәтер беріледі.

Заманауи үлгідегі 350 орындық Оқушылар сарайы «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен салынуда.

Аймақ басшысы құрылыс сапасы басты назарда болуы керектігін айтып, сала жетекшілеріне тапсырмалар жүктеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: