Жұма, 22 қазан, 18:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№83 (1785)
19.10.2021
PDF мұрағаты

Қала әкімі қызылордалықтарды мерекемен құттықтады

22.03.2021

3772 0

Құрметті қызылордалықтар!
Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тереңнен тамыр тартатын құндылықтарымыз дәріптелер бұл мейрамды халқымыз қашанда ізгі ниетпен, үкілі үмітпен, ақ жарма тілекпен қарсы алады. Ұлтымыздың Ұлы мейрамы ел тарихының айнымас бір бөлшегі, мәдениетіміз бен дәстүріміздің киелі бастауы екендігі баршамызға аян.
Сонымен қатар Әз-Наурыз – күн мен түннің теңеліп, жер арқасы кеңіп, тіршілік атаулы түгелімен жанданатын, жаңару мен жаңғырудың жаршысы, жыл басы. Ұлтты ынтымаққа ұйыстырған, келісім мен татулықтың арқауы болған ұлық мейрам.

Тағылымы мол, тәлімі терең, тарихы мыңжылдықтардың куәсіндей болған төл мерекемізді биыл екінші жыл қатарынан ерекше жағдайда тойлағалы отырмыз. Ұлыстың ұлы күнін ұлан-асыр той етіп, елдің еңсесін көтерер көпшілік-мәдени іс-шараларды өткізуге өздеріңіз білетіндей ел аумағында коронавирус індетінің таралу қаупі кедергісін келтіріп тұр. Дегенмен мейрамда тұрғындардың мерекелік көңіл-күйге бөленуі үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып, бірқатар шараларды онлайн және офлайн форматта ұйымдастыруды қолға алдық.

Ардақты ағайын!
Ел халқының ырыс-ынтымағымен іргесі сөгілмес бірлігінің арқасында бұл қиын кезеңнен де сүрінбей өтіп, дәстүрлі мерекемізді дәріптеп, кең көлемде атап өтетін күнге де жетерімізге сенім мол.
Ұлыстың ұлы күнінде айтылған барлық тілек қабыл болып, жыл басы баршаңызға ырыс-несібе, құт-береке, мол табыс әкелсін! Шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, жанұяларыңызға жылылық сыйласын.

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі
Н.Нәлібаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: