Сәрсенбі, 24 сәуiр, 05:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімінің орынбасары тұрғындарды қабылдады

27.01.2021

8334 0

Қала әкімінің орынбасары Елмурат Рахматуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Онлайн қабылдауда өздерінің өзекті мәселелерін қозғаған тұрғындар үй, жер және т.б коммуналдық салаға байланысты сауалдарын көтерді.Баспана жайын сұрай келген тұрғындарға тұрғын үй кезек ретімен, заңдылыққа сәйкес табысталатындығын айтқан Елмұрат Нұрмаханбетұлы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер алған азаматтардың пайдалану мерзімін ұзарту заң шеңберінде шешілетіндігін атап өтті. Жер жайын сұраған тұрғындар мәселесін жедел шешілуін жауаптыларға тапсырып, тапсырманың орындалу барысы өз бақылауында болатындығын жеткізді.

Айта кетейік, қала әкімінің есеп беру кездесуі алдында шаһар басшысының орынбасарлары аптасына 3 күн азаматтарды қабылдап, тұрғындарды толғандырған проблемалық сауалдарын тыңдап, олардың шешілуін назарға алуда. Әкімдікке мәселесін айтып, мұқтаждығы бойынша жүгінгісі келетін азаматтарды қабылдау онлайн түрде жүргізіледі.

Әр аптаның сейсенбісінде тұрғындарды Елмұрат Рахматуллаев қабылдаса, сәрсенбі күндері азаматтар жеке мәселелерімен Аскарбек Есжановқа жүгіне алады. Бейсенбі күні Бектас Нуридинов қабылдайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: