Сенбі, 27 қараша, 13:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (1795)
23.11.2021
PDF мұрағаты

Қызылордада Қараөзек су қоймасы салынады

18.11.2021

727 0

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз конференцияда Сырдария өзенінің су деңгейі мен су қоймаларын салу және арналарды тазарту ісіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес Қызылорда өңірінде жалпы көлемі 775 млн.текше метр құрайтын Қараөзек су қоймасын салынады деп жоспарлануда.Аталмыш Жолдауға сәйкес 2025 жылға дейін республика бойынша қайта жаңғыртылатын 120 каналдың 21-ін Қызылорда облысы аумағында жүзеге асыру көзделіп отыр.

–Құрғақшылық салдарынан Арал ауданында малдың жаппай қырылуы бізге елеулі сынақ болды. Суармалы судың жетіспеуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Жедел шаралар нәтижесінде жағдай тұрақталды. Малшыларға көмек ретінде жем шөппен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, суат мәселесін шешуге, жайылымдарды, шабындықтарды суару және көл жүйелерін суландыру мәселелерін шешуге 600 млн.теңге бөлінді,-деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Сонымен қатар, қуаңшылық зардабын жою үшін облыс әкімінің резервінен 250 млн. теңге бөлініп, шөп тасымалдайтын көлік шығындарын жабуға, мал суаты (водопой), жайылымдарды, шабындықтарды суару және Арал ауданындағы «Қамыстыбас» пен «Ақшатау» көлдері жүйелерін суару мәселелерін шешуге бағытталды. Бүгінгі күні дарияның суы көтеріліп, «Қамбаш», «Ақшатау» көлдер жүйесіне мол көлемде су түсуде.Қызылжар елді мекені тұсындағы «Бектау» және «Дің» каналдарының арнасы ұлғайтылып, су тоспасының құрылысы аяқталды. Аманөткел елді мекеніндегі «Бұрмақұлақ» учаскесінде дария арнасы бөгелді. Бұдан бөлек малдарды суару және жайылымдық жерді суландару бағытында Мергенсай елді мекенінен «Үшшоқы» және «Ақбасты» елді мекенінен «Бурабай» су ұңғымаларын қазу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.Сондай-ақ, қоғам қайраткері, меценат Болат Өтемұратовтың қорынан 280 млн. теңге қаржы бөлініп, Арал ауданындағы аз қамтылған тұрмысы төмен отбасыларға 1331 тн бидай кебегі жемі алынды. Бүгінде Қостанай және Ақтөбе облыстарынан қажетті жем қоры тасымалданып жергілікті жердегі қоғамдық кеңестің шешімімен күтімде 5-6 ірі қара және 10 басқа дейінгі уақ малы бар 5501 отбасыға таратылды.Оған қоса, аталған қор есебінен ауданның тұрғын үй кезегіндегі 40 отбасыға 4 пәтерлік 10 тұрғын үй сатып алынып, табысталды.

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан 15 мың гектар жайылымдық жерлерін 5 жылға жалға алу жөнінде келісім жасалып, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Арал ауданы мен Ырғыз ауданы әкімдіктері екі жақты меморандумға қол қойды.

Мұнымен қоса, Қарағанды облысының Ұлытау ауданында жайылымдық және шабындық жерлерін жалға алу үшін келіссөздер жүргізілуде.

Үстіміздегі жылы өңірдегі мал басын аман сақтау мақсатында ҚР Үкіметі резервінен ауыл шаруашылығы малдарына жұмсалған азық шығындарының құнын ішінара арзандатуға 1,7 млрд. бөлініп, 822 шаруашылық құрылымдарының өтінімдері қанағаттандырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: