Жұма, 29 наурыз, 10:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылжарма – кәсібі өркендеген ауыл

20.11.2022

1007 0

Бүгінде Қызылжарма ауылдық округінде халық саны 8641-ды құрайды. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 6019 адам. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар саны 1092 адам, жұмыссыздық деңгейі 0,3 пайызды құрап отыр.

Жыл сайын халық саны артып келе жатқан округте кәсіпкерлік нысандардың да саны көбейіп келеді. Қазіргі кезде Қызылжарма ауылдық округі бойынша тіркелген кәсіпкерлік нысандар 433 бірлікті құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда биыл жаңадан 63 кәсіпкерлік нысан ашылып, 151 адам жұмыспен қамтылды.

Жалпы осы жылдың 10 айында Қызылжарма ауылдық округі бойынша  77 жоба  қолдау тауып, барлық  қаржы инситуттарынан 153,1 млн теңге қаражат алынды. Оның 58 жобасы Бастау Бизнес қайтарымсыз гранты, одан 71,1 млн қаражат бөлінді.

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі бюджеттік бағдарлама әкімшісінің 2021-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасына сәйкес, осы жылдың 10 ай қорытындысымен қаралған қаражат көлемі 114 097,3 мың теңге. Бүгінде қаражаттың игерілуі 114 048,4 мың теңге, яғни 99,9 пайыз құрап отыр.

Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Медет Сейіловтің айтуынша, қала іргесіндегі Қызылжарма ауылында коммуналдық сала бойынша ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жүргізілген. Атап айтсақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен бөлінген 7 млн 950 мың теңгеге ауылдық округтегі Сайлыбаев және №4А көшелеріне тас төсеу жұмыстары жасалды. Сондай-ақ, қалалық тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы, Аль-Фараби көшесінен Қарауылтөбеге баратын 1,6 шақырым жолға, Қызылорда жолдары мекемсімен  асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.

Ал «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ арқылы шет аймақта орналасқан 12 көшеге 400-ге жуық электр бағаналары мен Қызылжарма-1 және Қызылжарма-2 тұрғын аудандарына 2 жинақтық трансформаторы орнатылып, қазіргі таңда электр желілерін (СИП) тарту жұмыстары жүргізілді, алдағы уақытта қосмыша трансформаторларды орынтау жұмыстары жүргізіліп пайдалануға беріледі. Ауылдық округті аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы 3 дана дренажды су бұрғылау ұңғымасы (скважин) салынды. Сонымен бірге 1 млн. 672 мың теңгеге ауылдық округтегі көшелерге 20 дана жол белгілері мен 3 дана жасанды жол кедергілерін салынды. 

Сондай-ақ, қалалық құрылыс бөлімі арқылы жоба құны1 млрд. 642 млн. теңгеніқұрайтын округтің шет аймақтары болып саналатын Қызылжарма-1 және Қызылжарма-2 тұрғын ауданындағы 35 көшеге тас төсеу жұмыстарын бастауға 2022 жылға 190 млн. теңге қаралды. Қазіргі кезде, осы сомаға 8 көшеге мердігер мекеме «УАД» ЖШС тарапынан тас төсеу жұмыстары жүргізілді, қалған көшелері 2023 жылдың ақпан наурыз айларында бастау алады.

Осы жылдың 10 айдың қорытындысымен ауылдағы тұрмыс деңгейі аз қамтылған 1066 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, жалпы соммасы 181 млн. 355 мың теңгемемлекеттен қаржылай қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар, ауылымызда қайырымдылық шаралары да тұрақты жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері қайырымдылық, қамқорлық акциялары аясында және Рамазан айында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы және жалғыз басты 200-ден аса отбасыға азық-түліктей көмек көрсетіліп келеді.

Енді алдағы уақытта жүзеге асыруға жоспарланып отырған негізгі жұмыстар тоқталсақ, ең алдыменқалалық құрылыс бөлімі арқылы жүргізіліп жатқан шет аймақтағы Қызылжарма-1 және Қызылжарма-2 тұрғын ауданындағы қалған 28 көшеге тас төсеу жұмыстарын жалғастыру.    Екіншісі –бүгінде, Қызылжарма ауылдық округіндегі шет аймақ болып саналатын Қызылжарма-1 және Қызылжарма-2 тұрғын ауданына 28 шақырым электр желісін, 24 шақырым ауыз су құбырларын, 32 шақырым газ құбырларын тартуды қажет етеді.  Қалалық құрылыс бөліміне аталған аумақтарда инфрақұрылым жүйелерін дамыту мақсатында ұсыныс берілді. Алдағы уақытта аталған бөліммен бірге ЖСҚ әзірлеу үшін қаражат қарастырылады. Ал үшіншісі  –ауылдық округтегі жол жөндеуді қажет ететін 24 көшеге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржыландыруға ұсынылды. Бұл жобаның құны – 671 млн. теңгеніқұрайды.

Сонымен қатар, Р.Батырбаев №2а көпқабатты тұрғын үйді кәріз су желісіне қосуға жақын орналасқан кәріз су құбырына қосу үшін 1,5 шақырым болатын құбыр тарту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын құрлыс бөлімі арқылы әзірлеп, оны аяқтап жұмысының қаражатын қарастыру көзделуде. Сондай-ақ, округтегі Р.Батырбаев және Қ.Сексенбаев көшесінің қиылысына бағдаршам орнату, кезекті халықпен кездесу барысында көтерілген болатын, жоба сметалық құжаттары жасалып қаражатқа ұсыныс берілген. Жоба құны: 9,0 млн теңге.

Қызылжарма ауылдық округінде жеке кәсіпкер Сұлтанбек Сексенбаев өз қаражаты есебінен жалпы құны 230 млн. теңгені құрайтын спорт кешенін салу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта спорт кешенінің екінші қабатының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Спорт кешені 2023 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Қызылжарма ауылдық округінде жеке кәсіпкер Жеңісбек Бердешов өз қаражаты есебінен жоба құны 25 млн теңгені құрайтын «Green house» жылыжай кешенін 2022 жылы іске қосып, кәсібін жалғастыруда. Бүгінгі күні 2 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Жылыжайдан маусымында күніне 140 кг дейін өнім алып, қала, ауыл тұрғындарына ұсынуда.

Өнерін сақтаған ел өркендейді

Мәдениет саласы бойынша Қызылжарма мәдениет үйіндегі «Қуаныш» әжелер ансамблі: Талсуат ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Әже көңілдің ажары, немере өмірдің базары»атты қалалық әжелер байқауында Ермағамбетова Бидаш немересі Талғатұлы Нұрдаулетпен қатысып жүлделі І орын иемденді.  Алматы қаласында өткен «Өнерлі елдің өресі биік» атты ҮІІІ – Республикалық 50 жас пен 90 жас аралығындағы талантты жандарға арналған өнер байқауында «Қуаныш»  әжелер ансамблі  «Хормен ән айту» жанры бойынша  І орын иемденді. Алматы қаласында өткен «Өнерлі елдің өресі биік» атты ҮІІІ – Республикалық 50 жас пен 90 жас аралығындағы талантты жандарға арналған өнер байқауында «Ән салу» жанры бойынша Тәшенова Гүлжан ІІ орын, Рахымжанова Бибіқадиша ІІІ орын иемденді. «Дәстүрлі ән» жанры бойынша  Иманғалиева Гүлжан І орын, Ермағанбетова Бидаш ІІ орын иемденді.

Қожабековтер халықтық отбасылық ансамблі: Қызылжарма мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен 15 сәуір – Ғашықтар күніне орай  «Мөлдір махаббат» атты таңдаулы видеоклиптер байқауына  Жаңалық Талғат пен Жанерке  қатысып алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен қатар, Алматы қаласында өткен «Өнерлі елдің өресі биік» атты ҮІІІ – Республикалық 50 жас пен 90 жас аралығындағы талантты жандарға арналған өнер байқауында Қожабеков Рүстембек «Аспапта ойнау» жанры бойынша  І орын иемденді. «Өнер әлемі» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Біз – бейбіт елдің ұланымыз» атты ІІ Республикалық білім мен өнер байқауына «Керемет» би тобы қатысып  бас жүлде иемденді. Керемет Рүстембекқызы «Үздік педагог» номинациясын алды. Осы жылдың қыркүйек айында Жаңақорған ауданы Төменарық ауылдық клубының ұйымдастыруымен Халықаралық отбасы күніне орай «Бақыт мекені» атты  облыстық отбасылық өнер байқауында ІІ орын иемденді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: