Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Шебер қолдар» жәрмеңкесі

13.03.2022

2030 0

«Жібек жолы» сауда орталығында жас кәсіпкерлердің, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері және мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдары ұсынылған «Шебер Қолдар» атты жәрмеңке өтті.

Жәрмеңкеде ұсынылған өнімдермен танысқан қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов кәсіпкерлердің берекелі істеріне сәттілік тілеп, қала тұрғындарымен бірге сауда жасады. Сонымен қатар, ерекше жандардың қолымен жасалған бұйымдар ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтіндігін жеткізіп, қала әкімдігі тарапынан кәсіппен айналысып, оны кеңейтуге ниет білдірушілерге қолдау көрсету шаралары жалғасатындығын айтты.

Жәрмеңкеге қатысқан 20-дан аса кәсіп иелерінің ішінде мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алған көп балалы аналар да, қол өнердің қыр-сырын енді үйрене бастаған жас шеберлер де бар.

Айта кетерлігі, жәрмеңкеде сатып алушыларға қазақ үлгісіндегі құрақтан жасалған өнімдер, матаға салынған кескіндеме, тоқу, кестелеу, ағашқа ою салу, табиғи тастан жасалған зергерлік бұйымдар, моншақтар, шашқа арналған бұйымдар, сөмкелер, үйге және тұрмысқа қажетті бұйымдар, қолдан жасалған сабындар, тамақ өнімдері ұсынылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: