Аймақ басшысының тікелей қолдауымен «Қызылорда Автобус паркіне» соңғы үлгідегі, әрі үлкен сыйымдылықтағы 300 автобус алынып, қаладағы қоғамдық көлік қызметінің жұмысы жанданды. Алға қойған ендігі мақсат – сапалы қызмет көрсету және жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Серіктестік осы жауапкершілікті сезініп, парк жанынан көлік жуу орталығын ашты.
Оған жетекшілік етуді тәжірибелі маман Нұрсұлтан Оспановқа жүктеді. Нұрсұлтан еңбек жолын 2021 жылдан автобус жуушы болудан бастап, бүгінде істің қыр-сырын меңгерген маман ретінде қоғамдық көліктің санитарлық өңдеуден уақытылы өтуіне бақылау жасайды.
– Жолаушылардың талабына сай көлік салоны жайлы әрі мұнтаздай таза болуы қажет. Біздің басты міндетіміз – тазалықты сақтау үшін уақытпен санаспай жұмыс жасау. Бұл ретте, жолаушылардың сапалы тасымалы мен тазалығына қатысты айтылған халықтың ризашылығы бізге рухани серпіліс сыйлайды. Сол сенім жауапкершілікті арттыра түседі, – дейді Нұрсұлтан Нұрлыбекұлы.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!