Конституция

Жексенбі, 28 маусым, 16:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48 (2260)
27.06.2026
PDF мұрағаты

2028 жылдан бастап психологтардың мемлекеттік тізілімі іске қосылады

28.06.2026

35 0

Фото: Satu.kz

Елімізде психологтардың мемлекеттік тізілімі қалыптасады. Оған енбеген мамандар психологиялық қызмет көрсете алмайды әрі өздерін психолог деп атауға құқы болмайды. Сенат «Психологиялық қызмет туралы» заң аясында осы және өзге де түзетулерді мақұлдады, – деп хабарлайды KAZINFORM 

Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті директорының орынбасары Бағлан Қасеновтің айтуынша, заң жобасына депутаттар бастамашы болған.

— Заңға депутаттар бастамашы болды. Оған әлеуметтік желілерде псевдопсихологтардың көбеюі себеп, — деді Бағлан Қасенов Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында.

Бағлан Қасеновтің сөзінше, мемлекеттік тізілім 2028 жылдан бастап қалыптастырылады.

— Мемлекеттік тізілімді 2028 жылдан бастап қалыптастыру жоспарланып отыр. Оған дейін мамандарға сертификаттаудан өтіп, жаңа талаптарға дайындалуға мүмкіндік беріледі. Тізілімге тиісті жоғары білімі, дипломы мен халықаралық сертификаттары бар мамандар енгізіледі, — деді спикер.

Жаңа заң аясында психологтардың кәсіби қызметіне қойылатын талаптар күшейтілмек.

— Басты жаңалықтардың бірі — психологтарға арналған кәсіби стандарттың енгізілуі. Ол мамандардың білім деңгейіне, кәсіби құзыреттілігіне және біліктілігіне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді. Сонымен қатар психологтардың кәсіби этикасының бірыңғай кодексі бекітіледі, — деді спикер.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов екі апталық курсты бітірген психологтардың дәурені біткенін айтқан еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: