Жұма, 26 сәуiр, 17:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жаңа жылдық жақсылық

31.12.2020

5199 0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев  Зияткерлік мектебінің еріктілер тобы «Атамекен» балалар ауылының тұрғындарын Жаңа жылдық сыйлықтармен қуантты. 
Жақсылық жасау акциясына мектеп қауымдастығы мен қаланың белсенді кәсіпкерлері демеушілік етті. Қуанышқа толы ең ғажайып мерекеде жас зияткерлер «атамекендіктерге» тәттілер мен естелік сыйлықтар үйлестіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Айта кету керек, «Қоғамға қызмет» жобасы аясында Зияткерлік мектепте волонтерлық қозғалыс жұмыс жасайды.  Оның белсенділері өңірдегі қайырымдылық шаралардан қалыс қалмай, жабырқаған жандарға үнемі жақсылықтың нұрын төгуде.  
Сондай-ақ, мектеп еріктілері аймақтағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, қайырымдылықтың дамуына волонтер болып қолдау көрсеткені үшін облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесі директорының Алғыс хатына ие болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: