Дүйсенбі, 18 қараша, 05:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Жарықтың өшу себебі анықталды

17.03.2021

4282 0

Үстіміздегі жылдың 16 наурызы күні кешқұрым шаһар мен облыстың бес ауданында 220 кв кернеуінің күрт төмендеуінен электр энергиясы ажыратылған. Өңірдің электр тарату торабында апаттық жағдай орын алған жоқ. Жарық кезең-кезіңімен беріліп, таңғы 08:30-ға дейін толықтай қалпына келтірілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.

Жарықтың өшу себебі анықталды

– Кеше әлеуметтік желілерде «Қызылорда жылу электр орталығында» апатты жағдай орын алды деген ақпарат жалған. Алайда Жамбыл облысындағы «KEGOC» ұлттық операторының 220 кВ желісінде апат болған. Сол себепті оңтүстік өңірлерде жарық сөнді. Қазіргі уақытта шектеу алынды, электр энергиясы қалпына келтірілді. Осы жағдайға байланысты комиссия құрылып, ағытулардың себебін тексеруде ,- деді «KEGOC» АҚ-ның өкілі Тілеуберген Қаныбетов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: