Дүйсенбі, 15 маусым, 14:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44 (2256)
13.06.2026
PDF мұрағаты

Интернетте балағат сөз айтқандарға 86 мың теңге айыппұл енгізілмек

15.06.2026

66 0

Коллаж: Kazinform / Pexels

Интернетте балағат сөз айтқандарға 86 мың теңге айыппұл енгізілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 434-бабына сәйкес, қоғамдық орындарда балағат сөз айту, жеке тұлғаларға тиісу және айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын өзге де осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық саналады және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Мұндай әрекеттер үшін 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 20-дан 60 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген, – деді Үкімет басшысы жауабында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы әзірленді.

– Заң жобасында ӘҚБтК-нің жоғарыда аталған 434-бабына толықтыру енгізу арқылы онлайн-платформаларда балағат сөздер қолданғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгілеу көзделген, – деді Олжас Бектенов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: