Биыл Қызылорда қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында 45,7 шақырымды құрайтын 50 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған.
Қазіргі таңда 28 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 22 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде жол жөндеу жұмыстары қала орталығындағы Ғ. Мұратбаев көшесінде жалғасуда.
Ұзындығы 2,3 шақырымды құрайтын Ғ. Мұратбаев көшесінің Абай даңғылынан Қ. Яссауи көшесіне дейінгі аралығына «УАД» мердігер мекемесі орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жобаға сәйкес, қараша айына дейін жол жөндеу жұмыстарымен қатар, жол бойындағы жиек тастары жаңартылып, 46 құдық беті деңгейлестіріледі және суағарлармен қамтылады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!