Дүйсенбі, 04 қараша, 05:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

11 тамызға арналған жұлдыз жорамал

11.08.2023

652 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Жұмысқа бар күшіңізді салсаңыз, алдағы айларда мансап бойынша жоғарылау мүмкіндігі туады. Барлық жақыныңыздың есіне оларды қаншалықты жақсы көретініңізді салыңыз, бұл кез келген жанжалдың алдын алады.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Егер бүгін досыңыз сізге аздап ауырып тұрғанына шағымданса, оны міндетті түрде маманнан кеңес алуға жіберіңіз, жағдайдың шектен шығып кетуіне жол бермеңіз. Ерлі-зайыптылар арасында сенімді, нәзік қарым-қатынас пайда болатын күн. Мұндай қарым-қатынасты сақтап қалу өз қолыңызда.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Кішкене романтика қосыңыз: кешке сүйіктіңізбен әдемі жерде серуендеңіз, дәмді кешкі ас үстінде шын жүректен әңгімелесіңіз. Егер сүйіктіңіз бар болса, онда ұрыс-керістің туындауын күтпей-ақ, жиналып қалған өкпе-ренішіңізді сабырмен, ашу-ызасыз жеткізіңіз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін жақын досыңызбен сөйлесуге кемінде 15 минут уақыт бөліңіз, сіздің қолдауыңыз дәл қазір өте қажет. Бұл күн сіз үшін жемісті болады. Барлық жоспарланған жобаны, ұсыныстарды, идеяларды жүзеге асыруға асығыңыз. Бұл күннің ұраны – шегінбе және берілме. Бейтаныс адамдардан көмек күтіңіз. Белсенді және ынталы болыңыз, сонда табысқа жететініңіз сөзсіз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Көбірек қозғалыста болыңыз, иммунитетті көтеру қажет. Дене жаттығулары денсаулыққа пайдалы болмақ, бірақ қатты кетпеңіз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз жұмыста жақсы адаммен танысасыз. Бұл жаңа қызметкер немесе менеджер болуы мүмкін. Арқадағы ауырсынудың себебін білу үшін хирургқа барыңыз. Сізге массаж, су процедуралары секілді бірқатар ем түрі қажет болуы да мүмкін. Демалып, сергіп алыңыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Ата-анаңызға міндетті түрде қоңырау шалыңыз. Достарыңыздан хабар күтіңіз: Олардың сізге айтары бар.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Егер сізді әлдебір ой мазалап жүрсе, онда оны сүйікті адамыңызбен талқылаудан қашпаңыз. Серіктестіңіз сізге қажет көмек пен қолдауды көрсетеді. Басқа істің бәрін қойып, отбасыңызға уақыт бөліңіз. Жақын жандарға жылулық жетіспейді.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Сүйіктіңізге қатысты жақсы жаңалық болуы мүмкін. Бүгін сіз тағы бір мәрте дұрыс таңдау жасағаныңызға көз жеткізесіз. Достармен араласу үшін таптырмас күн. Жақындарыңызға күніңізді арнаңыз. Араласпай кеткен достарыңызбен қарым-қатынасты жандандыруға уақыт бөліңіз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін айналаңызды өзгертіп, жайлы етудің орайы түсіп тұр. Жайлылық орната отырып, сіз бірден бірнеше маңызды тапсырма мен жобаны орындай аласыз. Маңызды істерді кейінге қалдырмаңыз. Олармен таңертең айналысыңыз, сонда өзіңіз қалаған нәтижеге тез қол жеткізесіз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? КонМари тәсілімен үй жинап көріңіз, бәлкім бұл сіздің жұмысыңызды жеңілдете түседі. Естелік үшін достарыңызбен көбірек суретке түсіңіз, жасқа жас қосылған сайын, бірге өткізілген уақыттан естеліктер құнды бола түседі.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Күн жарқын және оқиғаларға толы болады. Қызықты және ерекше ұсыныстар болуы мүмкін. Егер сіз оларды қабылдасаңыз, онда өміріңіз жақсы жаққа өзгереді. Жолыңызда оңай жеңуге болатын кедергілер болады. Бұл сіздің батылдық және шығармашылық қабілетіңізді ашуға мүмкіндік береді. Құжаттар жинақталған папкаңызды реттеңіз. Бұл сізге ұнайтын тірлік болмаса да, кейін бәрін реттеп қойғаныңызға риза боласыз.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: