Жұма, 11 қазан, 03:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

2024 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақы мөлшері көбейеді

23.12.2023

983 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

2024 жылы елімізде айлық есептік көрсеткіш пен төменгі күнкөріс шегінің өзгеруіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы тағайындалғандар сәйкесінше көбірек қаражат алады. Stan.kz жаңа жылдағы өзгерістерді ұсынады.

Мүгедектік бойынша және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақылар туралы» заңда марқұмның асырауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің де жәрдемақы алатыны айтылған.

Еңбекке жарамсыз деп кәмелетке толмаған балалар, зейнет жасына жеткен жұбайы мен ата-анасы саналады. Егер марқұмның баласы жалпы орта, техникалық және кәсіптік оқу орнында күндізгі оқу бөлімінде оқыса, оған 23 жасқа дейін төленуі мүмкін. 

Қайтыс болған адамның өгей баласына да жәрдемақы қарастырылған. Бірақ оның туған ата-анасы алимент төлесе, онда жәрдемақы берілмейді. Сондай-ақ марқұмның баласының ерекше қажеттілігі болса, 18 жастан асса да, оған жәрдемақы тағайындалады.

Қайтыс болған адамның мүгедектігі бар бауырлары мен немерелерінің басқа асыраушысы, яғни еңбекке қабілетті ата-аналары болмаса, онда оларға да жәрдемақы төленеді. 

Сонымен қатар, қайтыс болған адамның сегіз жасқа толмаған балаларына, бауырларына немесе немерелеріне қамқорлық жасап, жауапкершілікті өз мойнына алған адамдар жасы мен жағдайына қарамастан жәрдемақы алуға құқылы. Көбінесе ол ата-анасының біріне, жұбайына немесе туыстарына тағайындалады. 

Одан бөлек, мемлекет тарапынан бөлінетін арнайы жәрдемақылардың мөлшері де өзгереді.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар 

  • Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге 16 АЕК немесе 59 072 теңге;
  • Басқа әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлерге 4,8-ден 6,19 АЕК-ке дейін 17 722-ден 22 853 теңгеге дейін;
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға 6,19 АЕК 22 853 теңге;
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мүгедектік бойынша теңестірілген адамдарға 7,55 АЕК, 27 875 теңге;
  • Ұлы Отан соғысында көз жұмған немесе із-түссіз жоғалған жауынгерлердің жесірлеріне 4,48 АЕК, 16 540 теңге беріледі. Алайда ол қайтадан отбасы құрмауы шарт.
  • Социалистік еңбек ерлері, үш дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерінің иегерлері, «Қазақстанның еңбек ері» атағын иеленген азаматтарға 138,63 АЕК немесе 511 822 теңге;
  • “Халық қаһарманы” атанғандарға 138,63 АЕК, яғни 511 822 теңге;
  • Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен одан зардап шеккен азаматтарға 1,07 АЕК, немесе 3 950 теңге;
  • Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 1,07 АЕК, 3 950 теңге жәрдемақы тағайындалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: