Фото: freepik.com
Әлеуметтік желіде Қазақстанда 24 қазан және 25 қазан күндері интернет өшіріледі деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ішкі істер органдары жалған хабарлама таратушыны іздестіру шараларын жүргізеді. Ішкі істер министрлігі азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмауға шақырады және Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйенсек, оппозициялық топтар халықты мереке күні митинг өткізуге шақырған.
Бұған дейін, ішкі істер министрлігі мереке күні барлық қызметтердің күшейтілген режимде жұмыс істейтінін хабарлағаны туралы жазған болатынбыз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!