Жұма, 26 сәуiр, 13:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

400-ден аса азаптау ісінің 56-сы ғана дәлелденген

05.01.2023

520 0

Қаңтар оқиғасында күштік құрылымдардың күдіктілерді азаптауы бойынша 432 іс тіркелген. Оның 56-сы ғана Прокуратура органдарына жіберілді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтардың, күштік құрылымдар қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне берген арыздары бойынша қылмыстық істерді тергеу процесі одан да күрделі болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осындай 432 қылмыстық істі тергеді. Оларды тергеуге ең тәжірибелі терегушілер тартылды. Негізгі қиындық – оқиғалардың ретсіздігі мен жаппай болуымен байланысты. Арызданушылар бетперде мен каска киген полицейлерді көрсетті, яғни олар жүздерін де көрмеген, есімдерін де білмейді. Көптеген бейнекамералардың жұмыс істемеуі де тергеуді қиындатты», – деді О. Бектенов Мәжілістің бүгінгі отырысында.

Спикердің айтуынша, тергеу жұмысын дұрыс ұйымдастыру 347 қылмыстық іс бойынша оқиғалардың хронологиясын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Азаптауды тергеу жөніндегі Ыстанбұл хаттамасының талаптарын орындау мақсатында 851 сот сараптамасы жүргізілді. Сот-медициналық сарптама 344 адамға жүргізілді, нәтижесінде 239-ында дене жарақаты анықталды. 105 адамда дене жарақаты табылмады. Тағы 59 арызданушы өз құқығын пайдаланып, сараптама жүргізуден бас тартқан.

«Объективті деректер негізінде дене жарақаттары көшедегі тәртіпсіздіктер кезінде алынды деген қорытынды жасалды. Мұны растау үшін мынадай статистика келтірейін: арызданушылардың көп бөлігі, яғни 403 арызданушының 271-і тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оларға қатысу, билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсету, қару ұрлау, тонау және басқа да қылмыстар бойынша күдікті болып табылады. Бұл қылмыстық істерді арнайы прокурорлар мен полиция органдары тергеп жатыр. Қолда бар деректер бойынша 182 арызданушы сотталды, 18 адамға қатысты істер сотта қаралуда», – деді агенттік төрағасы.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне арыздардың көпшілігі 1 ай немесе одан да көп уақыттан кейін түсе бастады, бұл дәлелдеу процесін едәуір қиындатты.

«Мысалы, Қостанайда Ануханов жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу туралы қылмыстық іс бойынша күдікті бола тұра, азаптау туралы өтінішті 45 күннен кейін берген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша полиция қызметкерлерінің азаптауға қатысы туралы дәлелдер расталмады. Қостанай қаласының соты Анухановты Қылмыстық кодекстің 272-бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Мұндай мысалдар азаптау туралы арыздардың көп жағдайда өздерінің заңсыз әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатында жасалғанын көрсетеді», – деді О. Бектенов.

Тергеу нәтижелері бойынша 347 іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, себебі қызметкерлердің заңсыз әрекеттері туралы жеткілікті объективті деректер анықталған жоқ. Қадағалаушы прокурорлар процестік шешімдерді бекітті, Қылмыстық-процестік кодекске енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Прокуратура органдарына барлығы 56 қылмыстық іс жіберілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: