Жұма, 29 наурыз, 19:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

«5 миллион теңге». Еліміздегі ең қымбат асабалар

19.05.2023

1012 0

Той десе қу басы домалайтын қазақтардың той жасағанда көп шығындалатыны анық. Тіпті елден қалмай, дүбірлетіп той жасау үшін несие алып жататындары да жасырын емес. Тойдың қызықты өтуі тікелей асабаға байланысты. Massaget.kz тілшісі еліміздегі гонарары қымбат асаба, шоумендерге шолу жасап шыққан еді.

Той жүргізу қызметінде көштің басын бермейтін  – ТҰРСЫНБЕК ҚАБАТОВ.

ТҰРСЫНБЕК ҚАБАТОВ – 5 миллион теңге

© instagram.com/tursynbek_kabatov_official

«Әзіл әлемі» театрының директоры, әзілкеш, асаба Тұрсынбек Қабатовты тойыңызда көргіңіз келсе, қалтаңызда кемі 5 миллион теңге болуы керек. Ол сома ішіне сіз тойда көретін биші, әнші, фото, видео түсірілімдері кірмейді! Өнерпаздың өзін ғана осы бағаға шақыра аласыз. Бірақ өнер иесі 5 миллион теңгеге тойыңызды естен кетпестей өткізіп беруге дайын.

НҰРЖАН ТӨЛЕНДИЕВ – 2 миллион теңге

«Алдараспан» театрының директоры, әзілдің майталманы, Тука лақап атымен елдің көңілінен шыққан Нұржан Төлендиевті өз қуанышыңызда көргіңіз келсе, онда 2 миллион теңге санап беруіңіз керек. Егер тойды басқа қалада жасайтын болсаңыз онда әзілкештің ұшаққа билетін, тұрақтайын 4 кемі 5 жұлдызды қонақ үйін қамтамасыз етуіңіз қажет. Егер әзілкештің осы талаптарына көнсеңіз онда актер қуанышыңызға келеді. Айта кетейік, өнерпазға той күнінен 2 ай бұрын хабарласуыңыз қажет. 

РУСЛАН ЫСҚАҚОВ – 1 миллион теңге

Заман талабына сай асаба, шоумен керек десеңіз Руслан Ысқақов сізге көмекке келеді. Ел арасында танымалдылыққа ие болған шоуменнің Алматы қаласы бойынша бағасы – 1 миллион теңге. Осы соманы асабаға санап берер болсаңыз онда өзінің әуен әрлеушісімен келіп тойыңызды ойдағыдай өткізуге уәде береді.

ҚАНАТ ӘЛЖАПБАРОВ – 800.000 теңге

Актер, әзілкеш Қанат Әлжапбаровтың тойдағы гонарары 800 мың теңге. Бірақ ешқандай райдері жоқ. Бар болғаны 200 мың теңге алдын ала төлем жасасаңыз болғаны. Жеке өзі келіп қуанышыңызды өткізіп береді. Егер биші, әнші, фото, видео түсірілім актермен бірге келсін десеңіз онда 1 миллион 100 мың теңге ақы төлеуіңіз қажет. 

АЙБАТ НИКУЛЛИН – 650.000 теңге

Әлеуметтік желіде танылған асаба Айбат Никуллинді тойыңызға шақыру үшін 650.000 мың теңге төлеуіңіз қажет. Шоумен Қарағанды қаласында тұрады. Егер басқа, қалаға шақыратын болсаңыз онда 2 адамға ұшаққа билетін, тұратын жерін қамтамасыз етуіңіз керек. Бастысы той халал өтуі шарт.

ЖАНБОЛАТ НАЙЗАБЕКОВ – 600.000 теңге

«Өнер қырандары» театрының актері, әзілкеш ел арасында Coco Jambo лақап атымен танылған Жанболат Найзабек Алматы қаласы бойынша той жүргізуі 600 мың теңге. Егер өнер жұлдызын тойыңызда көргіңіз келсе қуанышыңыз халал болуы шарт.

© instagram.com/cocojanbo88

Дереккөз: Массагет

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: