Сейсенбі, 21 сәуiр, 12:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Адам саудасы – қатерлі қылмыс

21.04.2026

41 0

Фото: gov.kz

Адам құқығын бұзудың ең қатал түрі – адам саудасы. Бұл – ауыр қылмыс, ғаламдық проблема. Иә, іс жүзінде әр елде жеке адамның бостандығы мен құқығы заңды түрде бекітілген. Дегенмен, адам саудасы қазіргі қоғамдағы өзекті жайт әрі адамзат тарихындағы ең әділетсіз, адам құқығы тапталған, қанқұйлы және аяусыз мәселеАдамды құлдыққа жегу, миллиондап еркінен тыс мәжбүрлі ұстау, зат ретінде сату немесе өлтіру ХХІ ғасырдың ең дамыған мемлекеттерінің өзінде әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Сондықтан адам саудасына қарсы күрес – еліміздің адам құқықтарын қорғау саласындағы басым міндеттерінің бірі.


Адам саудасының құрбандары көп жағдайда ұқсас оқиғаларды бастан кешеді. Алдымен таныс немесе бейтаныс адам көп табыс таба алатынын айтып, уәде беріп, жұмыс ұсынады. Әрі қарай, бір топ адамдармен бір жерге жиналған соң жоғалып, «жұмыс берушілердің» қолына түседі. Бұл сценарий бойынша біздің елден бөлек шетелдің де азаматтары құрбанға айналады. Сарапшылар қаржылық жағдайдың төмендігі, жұмыссыздық, кәсіптің болмауы адам саудасының құрбаны болу қаупін арттырады дейді. Бірақ жынысына, жасына, ұлтына және басқаларға қарамастан кез келген жан адам саудасының құрбаны болуы мүмкін.
Егер табыс азайып, адамдар жұмыс орындарынан айырылса, онда адамдардың көбі күн көру үшін қауіпті жолдарға бас сұғады. Шетелде жұмыс істеуді таңдаған адам кез келген қауіпке дайын болуы керек. Және сол елдің заңдары мен ережелерінен хабардар болғаны дұрыс. Әдетте, мигрант шетелде жұмыс істесе де тіл мен заңдарды білмейді. Сол себепті өзге елге барып алған соң жолға кеткен қаражатты ақтау мақсатында кез келген ұсынысқа келісуге мәжбүр болады.

БІЛУ МАҢЫЗДЫ!

АДАМ САТУ МАҚСАТЫ:

  • жезөкшелікке, жыныстық қанауға тарту;
    -мәжбүрлі еңбекті қолдану;
    -қайыр сұрауға мәжбүрлеу;
  • заңсыз асырап алу;
  • трансплантациялау үшін адамның мүшелерін алу.

АДАМ САУДАСЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:

  • еңбек шартының болмауы, тұрақсыз жұмыс кестесі;
  • алынған табыс құжаттарын тәркілеу;
  • қозғалыс еркіндігін шектеу, біреумен қарым-қатынас кезінде бақылау;
  • психологиялық қысым.

ҚАЛАЙ ОСЫНДАЙ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰРБАНЫ БОЛМАУҒА БОЛАДЫ:

  • құжаттарыңызға ешкімге сеніп тапсырмаңыз;
  • шетелдегі жұмыс, оқу немесе некеге тұру туралы азғыратын ұсыныстардан аулақ болыңыз, үй иесі туралы ақпаратты сенімді ақпарат көздері арқылы тексеріңіз;
  • кетуге байланысты қол қойылатын барлық құжаттарды мұқият тексеріңіз;
  • құжаттарыңыздың көшірмелері мен шетелде орналасқан жеріңіз туралы ақпаратты жақындарыңызға қалдырыңыз;
  • сіз баратын елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігінің байланыс деректерін нақтылап сұраңыз.
    Егер сіз осындай жағдайға тап болған болсаңыз, 102 нөміріне 16 116 сенім телефондарына хабарлауға болатындығын еске саламыз.

«Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: