Сенбі, 04 мамыр, 21:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Әскери қызметкер 11 жасар қызын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

03.08.2023

541 0

Ақтауда бұрынғы әскери қызметкер 11 жасар қызын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға туралы «Не молчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлады. Оның айтуынша, үкімді Астананың әскери соты шығарған.

Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің «Бірнеше рет зорлау», «Бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық» және «Кәмелетке толмағандарға күш пен қысым көрсету» баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Қоғам белсендісі атап өткендей, бұрынғы әскери қызметкер өмір бойына бас бостандығынан айырылып, химиялық кастрациялау жазасына кесілген.

«Әкесі ажырасып, басқа әйелге үйленген. Ал қызын алып, жалдамалы пәтерде зорлаған. Қыз анасына айтудан қорыққан. Бірақ анасы мұны білген бойда арыз жазып, істі соңына жеткізуге күші аз екенін білсе де қайтпаған. Себебі ол әскери қызметкер және оның үш адвокаты болған. Осы істі дереу қолға алып, қиын өмірлік жағдайда отбасына қолдау көрсеткен Ажар Әбділге көп рахмет!»,- деді Дина Таңсәрі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: