Жұма, 29 наурыз, 17:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг беруде

07.06.2023

392 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының экономикалық-әлеуметтік дамуы туралы баспасөз  мәслихатын өткізуде.

         Аймақ басшысы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  тапсырмаларын іске асыру барысында президент бастамасымен еліміздегі әлеуметтік-эконмикалық, саяси реформаларды жүзеге асыруда Сыр жұртшылығының ауызбірлігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауының арқасында облыста тың жобаларадың жүзеге асып жатқандығын жеткізді.

         – 2023 жылдың 4 айында облыста әлеуметтік экономикалық дамудың оң нәтижесіне қол жеткіздік. Ауылшаруашылығы өнімі 1,6 пайызға, өңдеу өнеркәсібі көлемі 1,9 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2,4 пайызға,  сауда көлемі 2,5, инвестиция көлемі 42,1 және құрылыс саласы 44 пайызға артқан. Қызылорда облысының бюджеті 593 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы бюджет көлемінен 205 млрд 700 млн теңгеге, яғни 53 пайызға артты. Бюджеттің 64 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған, – деді облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: