Жексенбі, 12 мамыр, 17:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Айнұр Тұрсынбаева еркектердің белсіздігін жоятын шай зауытын ашты

11.09.2023

449 0

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева табиғи, таза органикалық өнімдер шығаратын компаниясын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз бүгін төрт өнімді ұсынып отырмыз. Біріншісі көк шай, бірақ бұның дәмі көк шай болғанымен, ішінде итмұрын, тауда өскен жалбыз, қант диабетімен ауыратындарға ішуге болатын науат, Түркиядан әкелген цитрустар қосылған. Екін вчшісі дәруменге толы қара шай, үшіншісі сұңғыла тамырынан жасалғани емдік шай, төртіншісі – тірі хлорелла, – деді Айнұр Тұрсынбаева.

Айнұр Тұрсынбаева еркектердің белсіздігін жоятын шай зауытын ашты

Ақын қытайлықтар тонналап сатып алатын сұңғыла шөбінің емдік қасиеті туралы айтты.

Біздің Мойынқұмның шалдары сұңғыла деген шөптің тамырының тонналап Қытайға кетіп жатқанын көріп, іштен тынып жылайтын еді. Соны естіп, 2021-жылы тәуекел деп ауылдың балалары жинаған 20 тонна сұңғыланы сатып алдық. Ол кезде не зауыт, не қойма жоқ, Қытайға бермесек болды деп сатып ала бердік. 2 жылдың ішінде барлық күшімізді, ақшамызды, жанымызды салып, осы цехты салдық. Сөйтіп тамырдан шай жасайтын зауыт іске қосылды, – деді ол.

Айнұр Тұрсынбаеваның айтуынша, сұңғыла шәйінің ел арасындағы атауы табиғи антиботик. Сұңғыланың тамыры Моңғолияда «Шыңғысханның шәйі» деп аталады, себебі Шыңғысхан әскеріне шаршамас үшін осы шәйді беріп отырған.

Шығыс медицинасы ең күшті өсімдік деп женьшенді есептесе сұңғыла женшеньнен 10 есе күшті! Урологтар сұңғыланың шәйі виаградан 5-10 есеге дейін күшті деп айтады. Сұңғыланың тамырын үгітіп тышқандарға беріп эксперимент жасағанда тышқандардың көбеюі 5 есеге артып кеткен. Сұңғыланың шәйін 1 ай ішкен адамның өтіндегі, бүйрегіндегі тас үгітіліп тап-таза боп кетеді. Сұңғыланың шәйін 1 жыл ішкен адамның бойында ауру қалмайды. Сұңғыланың шәйі еркектер белсіздігін толық емдейді. Сұңғыланың шәйі рак клеткаларын жояды. Сұңғыла Қытайда қызыл кітапқа енген өсімдік, – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: