Сейсенбі, 12 қараша, 22:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

«Алтын адам» түпнұсқасы ұрланған жоқ  – Ұлттық музей

28.07.2023

580 0

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық музей басшылығы «Алтын адам» жәдігері айналасындағы қауесеттерге түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алтын адам» жәдігері төңірегінде болып жатқан келеңсіз жағдайларға байланысты халық тарапынан теріс, жағымсыз ой пікір қалыптасқан жоқ. Аталған жәдігер – отандық келушілер мен шетелдік туристер қызығушылығын танытып, суретке түсетін танымал экспонаттардың бірі. Сондай-ақ «Алтын адамның түпнұсқасы ұрланды» деген сөз шындыққа жанаспайды», – делінген ҚазАқпараттың ресми сауалына орай музейдің берген жауабында.

Одан бөлек, Ұлттық музей басшылығы «Алтын адам» жәдігерін сақтау және көрме ұйымдастыру шығындарына қатысты мәлімет ұсынды.

«Алтын адамды» сақтауға, ел ішінде және басқа да мемлекеттерге апаруға қажетті қаржының көлемі бірнеше факторға байланысты – көрменің өту мерзіміне, алаңның аумағына, жәдігерлерді сақтандыру құнына, жұмылдыратын мамандар санына, тасымалдау шығындары мен тағы басқасына. Аталған талаптар негізінде ел ішінде және шет елдерде «Алтын адам» көрмесін ұйымдастыруға қажетті қаржы ресурстары көлемі айқындалады», – дейді музейден.

Еске сала кетейік, былтыр 28 мамырда Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы сот санкциясымен қамауға алынған еді. Оған «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды.

А.Мұхамедиұлы биылғы 20 маусымда сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: