Жексенбі, 10 мамыр, 20:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

«Ана мен балаға өмір сыйлайық!» қан донорлығы акциясы бастау алды

10.05.2026

52 0

Фото: Қоғамдық даму басқармасы

Бүгін облыстық Қан орталығында ана мен бала денсаулығын қолдауға бағытталған «АНА МЕН БАЛАҒА ӨМІР СЫЙЛАЙЫҚ!» атты қан донорлығы акциясы басталды.

«Ана мен балаға өмір сыйлайық!» қан донорлығы акциясы бастау алды
«Ана мен балаға өмір сыйлайық!» қан донорлығы акциясы бастау алды

Игі шараның мақсаты – қоғам назарын донорлық мәдениетке аудару, азаматтарды қайырымдылыққа үндеп, ана мен бала өмірін сақтауға үлес қосуға шақыру.

«Ана мен балаға өмір сыйлайық!» қан донорлығы акциясы бастау алды

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыста жыл сайын 20 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Ана мен бала өміріне қауіп төнетін шұғыл жағдайларда қан құю қажеттілігі жиі туындайды. Осындай сәттерде донор қаны көптеген аналар мен сәбилердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

«Ана мен балаға өмір сыйлайық!» қан донорлығы акциясы бастау алды

Акция 10 мамыр – Аналар күнінде бастау алып, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында қала және аудан әкімдіктерінің, облыстық басқармалар мен мекемелердің қызметкерлері қан тапсырып, қайырымдылық шарасына белсенді қатысады деп жоспарлануда.

Аталған игі бастамаға облыс тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамыз. Себебі әрбір тапсырылған қан – бір адамның өміріне үміт сыйлайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: