Жексенбі, 05 мамыр, 15:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Ақкент тұрғын үй кешенінде өрттен зардап шеккен пәтерлерді құрылыс салушы қалпына келтіреді

02.08.2023

266 0

Алматыда Ақкент тұрғын үй кешеніндегі өрттен зардап шеккен пәтерлерді құрылыс салушы қалпына келтіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі №54 көпқабатты үйде болған өртке байланысты келесі шаралардың қабылданатынын айтты. Оның ішінде өрттен зардап шеккен пәтерлерге қалпына келтіру жұмыстарын құрылысты салған компанияға тапсырылған. 

Аудан әкімі А.Қалдыбековтың төрағалығымен No54 үйдің алдында жедел штаб құрылды.  Оның құрамына ТЖД, ҰҚК, прокуратура, ҰҚК, әкімдік, басқарма өкілдері кіреді.

Полиция департаменті зардап шеккен азаматтардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кезекшілік ұйымдастырды

Зардап шеккен тұрғындарды тамақтандыру және жатын орын ұйымдастырылды

Алматы қаласының құтқару қызметі арқылы 250 орындық жиналмалы кереуеттер мен матрацтар ұйымдастырды

Аудандық аумақты санитарлық тазалау қызметінің жұмысы ұйымдастырылды;

Аудан әкімдігі құрылыс салушымен бүлінген пәтер материалдарын (терезелер, есіктер және т.б.) қалпына келтіру бойынша келіссөздер жүргізді, нәтижесінде құрылыс салушы пәтерлерді қалпына келтіруге міндеттелді

 Зардап шеккендерге сенім телефоны ұйымдастырылды: 87071872507,
3989820

Еске салсақ, Алматыда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, бас сауғалаған адамдар терезеден секіргенін хабарлаған болатынбыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: