Келесі аптада, 6 шілде күні Қазақстанда Астана күні тойланады. Осыған байланысты Астана әкімдігінің баспасөз қызметі қалада мерекелік отшашу бола ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Биыл қала күні отшашу болмайды», – дейді әкімдіктегілер. Дегенмен, ведомство Астананың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шараны өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Оның 90-ға жуығы елорданың барлық тұрғыны мен қонақтары үшін тегін болады. «Сонымен қатар мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандар ашылады, оның ішінде Оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар, қоғамдық орындар, үлескерлерге пәтер кілттерін табыстау және т.б. шаралар болады», – делінген хабарламада. Еске салайық, 2023 жылы Астана күні, 6 шілде бейсенбіге келеді. Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану үшін 1 шілде сенбіден демалыс күні 7 шілде жұмаға ауыстырылды. Осылайша, айдың бірінші демалыс күні, сенбі, 1 шілде жұмыс күні болса, одан кейін ел тұрғындары төрт күн қатарынан – 6-9 шілде аралығында демалады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!