Жұма, 17 сәуiр, 11:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27 (2239)
14.04.2026
PDF мұрағаты

Өңірлердегі базарларда делдалдардың қызметіне шектеу қойылмақ

17.04.2026

46 0

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Премьер-министрдің тапсырмасын орындау аясында елдегі базарларда өнімсіз делдалдарды қысқарту жұмысын жандандырды, – деп хабарлайды KAZINFORM

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізгі назар бағаның негізсіз өсуіне әсер ететін факторларды жоюға және ашық тауар өткізу тізбектерін қалыптастыруға бағытталған.

16 сәуір күні ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев Түркістан қаласында Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының базар иелері және сауда нысандары әкімшіліктерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Ішкі сауда қағидаларын жетілдіру аясында заңнамалық деңгейде бөлшек сауда жүзеге асырушылар мен көтерме жеткізушілердің аражігі ажыратылды. Осылайша сатып алу-сату үдерісіне қатысушылардың құрамы жүйеленіп, қосылған құн қалыптастырмайтын, бірақ жеткізу тізбегіндегі соңғы бағаға әсер ететін өнімсіз делдалдардың қатысуы шектелді.

Осыған дейін Үкімет басшысы ірі көтерме базарлардағы заңсыз әрекеттер туралы айтқан болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: