Сенбі, 20 сәуiр, 14:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Ауғанстаннан елге оралған этникалық қазақтар алғашқы әсерлерімен бөлісті

12.09.2021

701 0

Ауғанстаннан елге оралған қандастардың Алматы әуежайынан алғашқы бейнежазбасы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Отанына оралған қазақтар өз қуаныштарын жасыра алмады.

«Біз туған елімізге қайта оралдық. Алдымен үлкен алғысымызды ел президентіне білдіргіміз келеді, одан кейін басқа көмек қолын созған жандар журналистерге, Ауғанстандағы елшілікке үлкен рахмет. Біз өте қуаныштымыз», – деді Хасан Дерман.

Ер адамның айтуынша, оның әйелі тиісті құжаттары болмағандықтан Қазақстанға келе алмаған. Хасан Алматыға анасымен, екі ағасымен және үш қарындасымен бірге келген.

«Біз елшілікке хабарласып, өзіміздің қазақ екенімізді айттық. Өзіміз 100 жыл бұрын қоныстанған Тахар қаласынан келдік. Осыдан кейін бізді комиссия шақырды. «Қандай рудан боласың, Қазақстанмен байланыс орнатасың ба, ол жақта туыстарың бар ма?» деген сұрақтарды көп қойды. Менің руым – Қожа. Ұлтым – Қазақ», – деді Хасан Дерман.

Оған Қазақстанда қалуға виза рәсімделген. Хасанға жолдар ашылатын болса, Өзбекстан арқылы Қазақстанға өтуге болады деп айтқан. Алайда шекаралар жабық күйінде қала берді. Осыдан кейін этникалық қазақтарды эвакуациялау үшін арнайы рейс ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: