Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 14:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Барлық партия дәрежесі бірдей болады

17.03.2022

1329 0

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының ортасында халыққа Жолдау жасайды, онда елді саяси трансформациялауға бағытталған асы маңызды шаралар айтылады» дегенді естігеннен көп үміт күткеніміз анық. Президент қандай өзгерістер жасайды? Саяси жүйе қалай өзгеруі мүмкін? Көптен күткен сұрақтың нық жауабы бүгін айтылды. Қызу талқыға түскен сауалдың жауабы көңіл көншітті ме?

Осы тұрғыда Жолдауда айтылған басты мәселелерге тоқталып өтсек.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихи құ­жатынан нақты жоспарды көрдік. Со­ның ішінде назар аудартатыны, саяси үстемдікке барынша шектеу қою қажет.

Қазақстанды қарқынды түрде қайта құрудың және жаңартудың негізгі қоз­ғаушы күші ретінде партия жұмыс жасауы тиіс. Яғни әділетті түрде. Халық әкім немесе президент үшін партияны сайламайды. Партия арасында бәсекелестік артады. Барлық партиялар тең дамуы үшін тең жағдаймен қамтамасыз етіледі.

– Президент өзінің өкілеттігін атқару кезеңінде партияға мүшелігін тоқ­тата тұруға міндетті екенін заң жүзінде ресімдеуді ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекені арттырып, барлық партияның дамуына бірдей жағдай жасайды. Осы­лайша, біз еліміздің болашақтағы көшбас­шыларын негізгі саяси институттарды өзіне бағындырып алуға құмар болудан сақтаймыз, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент заңға тиісті өзгеріс енгізе отырып, енді әкімдер мен олардың орынбасарлары партия фи­лиалдарын басқаруды тоқтатуы керек деді. Әкімдерден тыс, алдағы уақытта Есеп комитетінің төрағасы, Орталық сайлау ко­миссиясының төрағасы сияқты өте маңызды қызмет атқаратын адамдар да партияға мүше болмайды.

– Расында, мұндай өзгерістер билік тармақтарының бірін-бірі тежеп, тепе-тең­дікті сақтап отыруына, сол арқы­лы сай­лаушылардың, азаматтық қоғам­ның оларға ықпал етуіне жол ашады. Әрбір партия тұтас мемлекетке, бүкіл халыққа қызмет етуі тиіс. Халық арасында сол кезде әрбір пар­тия­ның қалай жұмыс жасайтыны анық аңға­рылады. Жолдауда айтылғандай, әкім­­дер немесе орынбасарлары партия мү­шесінен шығарылмайды. Олардың пар­­­тия­дағы қызметі тоқтатылады. Егер де лауазымдағы қызметтен босатылған уа­қытта қайтадан партиядағы жұмысын жалғастырып жасай алады. Бүгінгі тарихи құжаттан жаңа бастама көруге болады.  Жаңару мен жаңғыру жолында Қазақстан биік белестерге жететіні анық. Бұл тұрғыда президент нақты іске көшкені байқалады. Жарқын болашаққа нық қа­даммен жұмыс жасауға әрбіріміз үлес қосу­ға міндеттіміз. Президент баста­малары ха­лық билік арасындағы се­німді арттырады,  – дейді «AMANAT» пар­тиясы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы Шәріп Әбдірахманов.

Президент Жолдауда жаңа саяси ре­форма ұсынды. Мемлекетімізді нығайту­да бір болып еңбек етуіміз қажет-ақ.

– Жаңа Қазақстанды қалыптасты­ру – баршамызға ортақ міндет Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауында елдің әлеуметтік-эко­но­микалық дамуына, ұлттық құн­ды­лық­тардың жаңғыруына ықпал ететін ауқымды бастамалар айтылды. Жол­дау­дағы тың бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құ­ры­лымын едәуір өзгертпек. Оны жүзеге асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізіліп, жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылданбақ.  Ел тұтастығын сақтау, әлеуметтік-экономи­калық салалардың дамуына үлес қосу, жаңа Қазақстанды қалыптастыру – әрқайсысымыздың ортақ міндетіміз, – дейді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің  әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, іскер­лік әкімшіліктендіру докторы Жандос Базартай.

Бүгінгі жолдаудың мән-маңызы айрық­ша. Алдыға биік мақсаттар қойылды.  Жаңа Қазақстанды құруға бірге атсалысуға міндеттіміз. Өз өміріміз өз қолымызда екенін ұмытпайық. Әділетті, таза елде тұрғымыз келсе, сондай мемлекет құруға күш жұмсайық. 

Айтолқын АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: