Жексенбі, 13 қазан, 02:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81-2091
12.10.2024
PDF мұрағаты

Базарда сауда жасайтын кәсіпкерлер қудалауға ұшыраған

02.08.2023

404 0

Алматыда бір топ кәсіпкер “Көк базардың” жаңа басшылығынан қысым көргенін мәлімдеді. Айтуларынша, сауда орталығының әкімшілігі ауысқалы ондаған саудагерді қудалап, жиырма жылдан бері сауда жасап келген дүңгіршектерін босатуды талап еткен. Ал саудагерлер жан бағып отырған жалғыз табыс көздерін тастап кетуден бас тартыпты. Өйткені жөндеу жұмыстарына да миллиондап ақша салған. Сондықтан бұл орыннан айырылса, шығынға батулары мүмкін екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кәсіпкерлер талай жылдан бері базарда кеңсе тауарларын сатып келген. Бірақ үш ай бұрын алпыстан астам саудагер базар басшылығынан дүңгіршекті босату туралы хабарлама алған. Содан бері бірнеше жерге шағымданған олар дүңгіршектердің заңсыз тұрғанын анықтаған. Бірақ бұл сөзге де сенбейді. Себебі бес жыл бұрын ғана әр саудагер қыруар ақшаға жөндеу жұмыстарын жасапты. Яғни ол кезде бәрі заңды болған. Енді, міне базар басшысы ауыса сала, заңсыз боп шыға келді дейді кәсіпкерлер. 

“Біз бұл орындарды тегін берсін немесе сыйласын деп отырған жоқпыз ғой. Бар болғаны, қолдағы тауарымызды сатып бітірсек дейміз. Тым құрығанда, жыл соңына дейін уақыт берсе екен. Әйтпесе, шығынға батамыз”, – деді кәсіпкер Алина Ким.

“Олар біздің орнымызды тартып алып, басқа адамдарға сатқалы отырғанына сенімдемін. Біздің қарызға батып, несиеге кіріп, тауар алғанымызды ойламайды. Мысалы, оқу жылы келе жатыр. Маусым енді басталады. Біз сонда не істеуіміз керек? Базар басшылары бізді адам құрлы көрмейді. Бара қалсаң, қорқытуға көшеді”, – деп қосты Марьяна Мулюкова. 

Ал базар басшылығы ешкім ешкімді қудаламағанын мәлімдеді. Сөздерінше, 2022 жылы әкімдіктен Жібек жолы көшесіндегі бөлігін қайта құру туралы ескерту келген. Бірақ бұл үшін дүңгіршектерді сүру қажет дейді. 

“Бес айлық мерзім. Бұл уақытта тауардың көбісін сатып жіберуге болады. Мына дүңгіршектерді алып тастаған күннің өзінде оларға шатыр қойып, рұқсат бермекшіміз. Ең болмаса тамыз айы, мүмкіндік болса қыркүйек айының бірнеше күндері бар”, – деп хабарлады “Көк базар” директоры Ардақ Айтбаев. 

Көк базар өкілдері кеңсе тауарларын сататын кәсіпкерлерге павильоннан арнайы орын ұсынған екен. Келіскендері көшіп үлгеріпті. Бірақ орын саны аз. Ардақ Айтбаевтың сөзінше, Жібек жолы көшесіндегі бірқатар нысандар сүрілген соң, кәсіпкерлер көк базарға ауысқан. Сондықтан, бәріне бірдей орын жоқ. Ал саудагерлер соңғы тауар сатылғанша жерді босатпайтындарын айтты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: