Жұма, 22 қаңтар, 13:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (1707)
19.01.2021
PDF мұрағаты

«Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажет»

05.01.2021

642 0

Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы маған тарихшы, ұстаз есебінде қатты әсер етті.            Мақалада өткен жылдарға байыпты талдама жасалынып, бүгінгі және келер күннің тегеуріндері дөп басып айтылды. Әсіресе Тәуелсіздік алғаннан оны ұстап тұрудың қаншалықты қиын екендігі және оны әрдайым дәлелдеп отырудың қажеттілігі әрбір оқырманға үлкен ой салады.

Бүгінде жаһандану кезеңінде әлем елдері, тұтастай ұлттар бәсекеге түсіп, дамудың даңғыл жолына түсуде. Осы үдерісте біздің еліміздің жол шетінде қалып-қалмауы үшін әрбір азаматқа, өскелең жас ұрпаққа артылар салмақ орасан зор болмақ. Ол уақыт көшіне білім мен ғылымның жетістіктерін игерумен қатар, рухани-мәдени құндылықтарды және патриоттық рухты бойға сіңірумен байланысты.

Осы орайда Президентіміз тарихшылар қауымына үлкен жүк артып отыр. Ол Ұлттық тарихымыздың академиялық еңбегін жазу, ХХ ғасырдағы зобалаң кезеңнің ақтаңдақ беттерін ашу. Бұл бағыттағы жұмыстар ұлттық сана-сезім мен рухтың кемелденуіне жол ашары сөзсіз. Сонымен қатар, кинематография арқылы жастардың санасында тәуелсіздік ұғымын қастерлі ету, оның қадірін ұғындыру бағытында орасан зор жұмыстар жүргізілу керектігі айтылды. Біздің Ұлттық тарихымызда ұлтымыздың ұялар тұсы жоқ.

Мақала мазмұнында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы уақыттары айтылып жүрген түрлі алып-қашпа әңгімелерге де өзінің пікірін білдіріп, «Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажеттігін тағы да баса айтқым келеді», – деді. 

Уалихан Ибраев,

тарихшы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: