Жұма, 03 мамыр, 03:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Блок бекеттер қойыла бастады

13.04.2021

2217 0

Бүгінгі таңда облыс коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр. Ал өткен тәулікте өңірде 263 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.
Алматы облысының Көксу ауданында блок бекеттер қойылды. Таңғы сегізден түнгі онға дейін ауданға кірер жолдарда полиция мен жергілікті атқарушы орган өкілдері кезекші болады, деп хабарлады Polisia.kz.

Көксу ауданы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ауыл округтерінің кіріп-шығатын жолына профилактикалық сипатта күндізгі блок бекеттер қойылған. Ол жерде көрші облыстан келгендерді тексеріп жатыр.

«Көксу ауданында коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты ауыл округтерінің кіреберісіне блок бекеттер қойылды. Аудан бойынша қозғалыс шектелмейді. Блок бекеттерде басқа өңірден келген адамдар ғана бақылауға алынады», – деді Көксу ауданы полиция бөлімінің бастығы Рамиль Гимадиев.
Айта кетейік, Алматы облысында кейінгі бір күнде 263 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Облыс коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: