Конституция

Сейсенбі, 30 маусым, 13:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49 (2261)
30.06.2026
PDF мұрағаты

БЖЗҚ-ның жаңа жеткіліктілік шегі: 30 мың азамат қана артық жинағанын кәдеге жарата алады

30.06.2026

37 0

Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес, белгіленген шектен жоғары зейнетақы жинақтары бар азаматтардың саны 30 мыңнан сәл асады. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM 

Соңғы мәліметтерге қарағанда, 2026 жылдың 5-10 маусымы аралығында ең төменгі жеткіліктілік шегінің ұлғаюынан кейін БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша (жеткіліктілік шегі аясында) 52 өтінішті орындады.

БЖЗҚ қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға және емделуге мерзімінен бұрын пайдалануға рұқсат берілгеннен кейін 2021 жылдың қаңтары мен 2026 жылдың 31 мамыры аралығында бұл құқықты шамамен 1,5 миллион адам пайдаланғанын еске салды. Оның ішінде шамамен 950 мың салымшы мен алушы қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жұмсаса, тағы 570 мыңнан астам адам емделу ақысын төлеген.

— Жалпы, 5,8 триллион теңге алынды. Оның 5 триллион теңгеден астамы ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қаражат болды. Бұл ретте тұрғын үй мақсаттарына 4,8 триллион теңгеден астам, ал емделуге шамамен 1 триллион теңге пайдаланылды, — деп хабарлады БЖЗҚ агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Қордың мәліметінше, ең төменгі жеткілік шегін есептеу әдістемесі өзгергенге дейін белгіленген шектен жоғары жинақтары бар азаматтардың саны шамамен 500 мың болған. Әдістеме қайта қаралғаннан кейін олардың саны 16 еседен астам қысқарып, 30 мыңнан сәл асатын деңгейге дейін төмендеді.

Осы айдың басында зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану кезінде қолданылатын ең төменгі жеткіліктілік шегінің параметрлері жаңартылды. Өзгерістер салымшының қазіргі жасын ғана емес, оның зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңін, болашақ зейнетақы төлемдерін, инвестициялық кірісті және өзге де ұзақ мерзімді факторларды ескеретін неғұрлым дәл есептеу әдістемесін енгізуге байланысты қабылданды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: