Қызылорда қаласында Чернобыль апаты құрбандарын еске алуға арналған тағылымды шара өтті.
Шарада апат салдарын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігі аталып, қатысушылар боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов пен облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жұмабек Әлиев сөз сөйлеп, олардың ел алдындағы еңбегіне құрмет білдірді. Қалалық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмабек Шахатов ардагерлерге ізгі лебізін білдірді. Сондай-ақ, жиынға қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов, Чернобыль ардагерлері қатысып, тағзым білдірді. Рухтарына арнап құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды.

Іс-шараға Қызылорда қаласының Әскери техникалық мектебі, Аумақтық қорғаныс бригадасы 99215 және 5547 әскери бөлімдерінің қызметкерлері атсалысты.
Бұл шара – ерлікті ұлықтап, кейінгі ұрпаққа өнеге берудің айқын көрінісі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
