Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында Ардагерлер үйінде ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге РАТТ мүшесі, теолог Бахтияр Оспанов қатысып, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, отбасылық тәрбиенің маңызы, дәстүрлі құндылықтар мен зайырлы мемлекет қағидаттары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан жан-жақты жауап алды. Кездесу соңында мұндай тағылымды кездесулердің маңыздылығы атап өтілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
