Жұма, 29 наурыз, 12:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Дарияда мұз қалыңдығы жұқарды

12.03.2021

4782 0

Қызылорда қаласының тұсындағы Сырдария өзен мұзының қалыңдығы 5-15 см аралығына дейін жұқарды. Ал солтүстік аудандарда 20-55 см шамасында. Қазір өзендегі мұз Ақарық каналы тұсында. Яғни, Қызылорда су торабынан жоғары қарай 97 шақырымында тұр. Мамандар дария бойын жіті бақылауда ұстап отыр. Арнайы кезекшілік ұйымдастырылған.

– Облыстың барлық аумағында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, Сырдария өзені арнасындағы 10 су бекеті мен 4 су торабындағы су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізудеміз. Жалпы қазір өзенде су аз. Дегенмен әзір арқаны кеңге салуға болмайды. Сақтық шараларын жасап, барлық жайтқа дайын отыруымыз қажет, – деді «Қазсушар» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров.

Жақында облыста «Көктем-2021» республикалық командалық штаб оқуы өткізілді. Оқу-жаттығуға барлық қала мен аудан әкімдері, облыстық Азаматтық қорғау қызметтері, департаменттің аумақтық және ведомстволық бағынысты мекемелері жұмылдырылды.

– Мұндай жаттығулар дайындығымызды пысықтауға мүмкіндік береді. Сол жиынға 50 жеке құрам, 13 техника, 3 мотопомпа, 3 генератор, 2 қайық қатысты. Ал облыс бойынша азаматтық қорғаудың 15 қызметінен оқу-жаттығуға 18 құрылым, 227 жеке құрам, 56 техникасы келді. Барлығының дайындығын қарадық. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында біз жергілікті атқарушы орган және су шаруашылығы мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, 7 рет тікұшақпен және күнделікті автокөліктермен Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстарын жүргізудеміз, – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақарев.

Жалпы, облыста 156 мыңға жуық адамды көшіруге арналған 84 эвакуациялық жинақтау және 101 қабылдау пункті дайындалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: